Дубайдағы әуежайдың маңына екі дрон құлап, төрт шетел азаматы жараланды

Автор: Бақыт Шынар

Оның үшеуі жеңіл жараланса, біреуі орташа деңгейде жарақат алған

Фото: X.com/ OSINT Aggregator

Дубайдың халықаралық әуежайының маңына екі дрон құлап, төрт адам жараланды. Бірақ, әуежай жұмысы мен әуе қатынасы қалыпты режимде жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дубай билігі төрт адамның зардап шеккенін растады. Олардың бәрі – шетел азаматтары.

Яғни, жергілікті биліктің мәліметінше, Гананың екі азаматы және Бангладештің бір азаматы жеңіл жарақат алған. Ал Үндістан азаматы орташа деңгейде жарақат алған.

Айта кетейік, Таяу Шығыстағы жағдай ушыққан кезде Дубай әуежайына құлаған зымыранның видеосы таралған еді.