Компания Таяу Шығыстағы ахуал тұрақтанғанша осындай шешімге келген
Қазақстандағы ұлттық тасымалдаушы Air Astana компаниясы 2026 жылдың 31 наурызына дейін Дубайға ұшатын рейстерін тоқтатты. Бұл аралыққа билет алған азаматтар оны 1 сәуірден 31 мамыр аралығындағы уақытқа ауыстыра алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Компания Таяу Шығыстағы жағдай тұрақталғанша осындай шешім қабылдаған. Компанияның мәліметіне сүйенсек, осы аралыққа билет алып қойған азаматтар билетінің ақшасын айыппұлсыз және тегін ауыстыра алады. Болмаса, 1 сәуір мен 31 мамыр аралығындағы даталарға қайта брондай алады.
Айта кетейік, бүгін Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға бірнеше елдегі сапарларын кейінге шегеруге кеңес берді.