Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Уақытша басқарушы кеңестің көрші елдерге шабуылдан бас тартқаны туралы шешімін жеткізген Иран президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін құптайды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәдімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Президенті мұны Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадам деп санайды.
Иранның уақытша басқарушы кеңесі Таяу Шығыстағы көршілес мемлекеттерге бұдан былай шабуыл жасамау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Иран президенті Масуд Пезешкиан мәлімдеген еді.