11.07.2020, 23:38
Саясат
Атырау облысына дәрігерлер жіберіледі - Тоқаев
Сондай-ақ Президент облысқа дәрі-дәрмек жеткізілетінін айтты
Фото: akorda.kz
ҚР Үкіметі Атырау облысына дәрігерлер жіберіп, дәрі-дәрмек жеткізеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Атырау облысындағы ахуал туралы қоғам өкілдерінің шағымдарымен таныстым. Премьер-Министрдің орынбасары бастаған комиссия аймаққа барып қайтты. Үкімет өңірге дәрігерлер жібереді, дәрі-дәрмек жеткізіп, көмектеседі», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.
Айта кету керек, Атырау облысында 7393 адам коронавирус жұқтырды. Оның 4729-ы жазылып шықты, 13 науқас қайтыс болды.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды