Ол ақша жылыстатты деген күдікке ілінген
Қазақстанда туған әзілкеш Нұрлан Сабыров 50 жыл бойы Ресейге кіре алмайтын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«РИА жаңалықтар» жазғандай, бұл шешім Ресейдің ұлттық қауіпсіздігімен байланысты екен.
Агенттікке ақпарат берген дереккөз Сабыров Ресей аумағында тапқан ақшасын делдалдар арқылы жылыстатып отырғанын хабарлаған.
Оның үстіне, Сабыровтың Ресейде жалпы құны 60 млн рубль болатын жылжымайтын және өзге де мүліктері бар деп хабарланып отыр.
Әзілкештің өзі бұл ақпаратқа қатысты әзірге комментарий берген жоқ.