Конституциялық комиссияның төртінші отырысы қашан өтеді

Автор: Нұргүл Абай

Астанада бүгін комиссияның үшінші отырысы өтті

Фото: Конституциялық сот

Ата заңға ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды талқылайтын Конституциялық комиссияның төртінші отырысы 28 қаңтарда өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Төртінші отырысымыз сәрсенбі күні, 28 қаңтарда өтеді. Нақты уақытын қосымша хабарлаймыз», - деді Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Әзімова комиссияның үшінші отырысында.

Айта кетейік, Конституциялық комиссияның бірінші отырысы 24 қаңтарда, ал екінші отырысы бүгін, 26 қаңтарда өтті.