$ 505.53  593.44  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

5 қаңтарда Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбаты жарық көреді

Сұхбатты газеттің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы алған

5 қаңтарда Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбаты жарық көреді
Фото: t.me/Руслан Желдібай

5 қаңтар күні «Turkistan» газетінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарияланады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кету керек, сұхбатты «Turkistan» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы алған. Материал қоғамда өзекті саналатын бірқатар мәселені қамтиды және президенттің ұстанымы мен ой-тұжырымдарын кеңінен ашуға бағытталған.

Руслан Желдібайдың мәліметінше, мемлекет басшысының сұхбаты 5 қаңтар күні жарық көреді. Материал республикалық «Turkistan» газетінде жарияланбақ. Бұл сұхбат формат жағынан да, мазмұн тұрғысынан да ауқымды болатыны айтылды.

«5 қаңтар күні «Turkistan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған басылымның бас редакторы, белгілі ақын, публицист Бауыржан Бабажанұлына берген кең көлемді сұхбаты жарияланады», – деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары