23.12.2025, 13:30
Саясат
Досаев «Самұрық-Қазынада» маңызды лауазымға тағайындалды
Ол Директорлар кеңесінің құрамына енді
Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласының экс-әкімі, қазір Президент әкімшілігінде жұмыс істейтін Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Дереккөзге сүйенсек, ол бұл лауазымға 20 желтоқсан күні тағайындалған көрінеді.
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Досаев Ерболат Асқарұлы «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Қазір «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің 8 мүшесі бар, оның 4-уі — тәуелсіз директор.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті