Қазақстандықтар енді Қатарда заңды түрде жұмыс істей алады
Тиісті келісім күшіне енді
Қазақстан мен Катар еңбек мигранттарының құқықтарын қорғау жөніндегі ынтымақтастықты растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қатар Сырқы істер министрлігі дипломатиялық арналар бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы қазақстандық жұмыскерлердің осы елде жұмысқа орналасуын реттеу туралы Келісімді орындау жөніндегі мемлекетішілік рәсімдердің орындалғанын растайтын жазбаша хабарлама жіберді. Осылайша, аталған Келісім күшіне енді», - деп хабарлады бүгін Қазақстанның Еңбек министрлігі.
Осы келісімге сай, енді қазақстандықтар Қатарда қауіпсіз және ашық талаптарға сай жұмыс істей алады. Сондай-ақ, әлеуметтік құқықтары да қорғалады.
«Қатарлық жұмыс берушілер ұсынатын барлық бос орындар migration.enbek.kz порталына жарияланады», - деп хабарлайды министрлік.