Видео миллионнан көп қаралым жинады
Әлеуметтік желіде қазақ тілінде ән шырқаған қытайлық отбасы көпті тәнті етті, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.
Қытайлық отбасы Мейрамбек Беспаевтің орындауындағы «Сен мені сағындың ба?» әнін шырқаған. Кадрларда отағасы гитарада ойнады, ал әйел мен бала бірге ән айтты.
«Бала қазақ сөздерін айна-қатесіз айтты, ң мен н анық айтты», «шын жүректен орындады», «Қытайдағы қазақтар ғой. Ң МЕН Ғ әріпін қазақтардан басқа ұлт айта алмайды бұлай», «Қызы бәрінен де керемет! Қытай қазақтары ма», - деген сынды пікірлер жазды желі қолданушылары.
Көпшілік бұл Қытайда тұратын этникалық қазақтар деп болжады.