ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 263 адам коронавирус жұқтырған

Академик Асқар Жұмаділдаевтың ұлы информатикадан республикалық сайыстың жеңімпазы атанды

Сағын Жұмаділдаев – белгілі ғалымның кенже ұлы

Осыдан бірер күн бұрын Алматы қаласы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Сағын Жұмаділдаев «Junior Programming Contest 2020» жеңімпаз атанды. Бұл туралы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының баспасөз қызметі сүйіншілеп жазды.

«Бүгін «Junior Programming Contest 2020» информатикадан республикалық сайысының финалдық кезеңі қорытындысы жарияланды. Жеңімпаз болып Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы Сағын Жұмаділдаев танылды», - делінген хабарламада.

«Junior Programming Contest 2020» – 7-сынып оқушыларына арналған, екі кезеңде өтетін спорттық бағдарламалау бойынша жарыстар.

Еске сала кетейік, Сағын Жұмаділдаев  белгілі ғалым, академик, физика-математика ғылымдарының докторы Асқар Жұмаділдаевтың кенже ұлы.

Сұхбат
Бүгінге дейін ауылға көшу акциясына 4000 адамнан өтініш түcкен
Оның айтуынша, аралдан баспана алатындар саны жыл сайын артып келеді
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған