ШҚО-да төтенше жағдай режимін бұзған кәсіпкерлер анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар енгізілген шектеулерге қарамастан жұмысын жалғастыра берген

Фото: pixabay

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзған кәсіпкерлерді жауапқа тартуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өскемен қаласындағы лоундж-бар иесі заңмен бекітілген шектеулерге қарамастан сағат 22.00-ден кейін жұмысын жалғастыра берген. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 күнге қамауға алынды. Бұдан бөлек, Семейдегі қоғамдық тамақтану орындарын жалға алған екі кәсіпкер 5 күнге қамалған. Күн сайын тәртіп сақшылары әкімдікпен және өңірдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандарымен бірлесіп рейд жүргізуде. 31 наурыз күні ТЖ режимін бұзған 7 кәсіпкер анықталған», - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында төтенше жағдай жарияланған болатын.