ШұғылОқу жылы басталғалы 250 оқушы COVID-19 вирусын жұқтырған

Шымкентте 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты

Ол 7 қыркүйекте ауруханаға ауыр халде жеткізілген

Фото: Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы

Қызтай Дүйсебекова 100 жасқа толған туған күнін жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлермен бірге қарсы алды. Екі ғасырдың куәсі болған қарт кісіні медицина мамандары 100 жасқа толған күнінде ауруханадан шығарып салды. Бұл туралы Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қызтай әжей 7 қыркүйек күні Асар шағынауданындағы жұқпалы аурулар орталығына ауыр халде жедел жәрдем көлігімен жеткізілген еді. Дәрігерлер науқасқа өкпенің компьютерлік томографиясын жасап, әжейдің өкпе тінінің 55% зақымдалғаны анықталды. Бұған қоса, қарт кісіні асқазанындағы жарасы мазалапты», - делінген хабарламада.

Дәрігерлер науқасты бөлімшеге жатқызып, вирусқа қарсы терапиялық ем жүргізді. Нәтижесінде, қарт ана толығымен айығып, дәл туған күнінде ауруханадан үйіне шықты. Дәрігерлерге алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

«Түскен кезде жағдайы ауыр болатын. Хаттамаға сәйкес ем жүргіздік. Қазір жағдайы бір қалыпты», - деді емдеуші дәрігері Ләззат Тіленшина.