ШұғылCOVID-19 жұқтырған 16 науқас аса ауыр халде жатыр

Оңтүстік Кореяда он адамды өрттен құтқарған қазақстандық марапатталды

Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген азамат енді сол жақта қалуға рұқсат ала алады

Фото: koreatimes.co.kr

Оңтүстік Кореяда құжатсыз жүрген 28 жастағы қазақстандық мигрант наурыз айында өртеніп жатқан ғимараттан он адамды құтқарғаны үшін марапатталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі The Korea Times басылымына сілтеме жасап.

«Алиакбар Юлдашев 23 наурыз күні Янъян қаласында өрт шыққан үйде көршілерін оятып, ғимараттан шығарған. Түнгі 23.20 кезінде түтінді шығау үшін терезелерді ашып, арқасы, мойны мен қолы күйген. Бұл оқиғадан кейін оның заңсыз иммигрант екені анықталып, оны депортациялау туралы шешім қабылданды. Ол 1 мамыр күні Қазақстанға кетуі керек еді. Дегенмен, он мыңнан астам жергілікті тұрғын петицияға қол қойып, биліктен оның Кореяда қалуына рұқсат беруді және оны марапаттауды сұраған», - деп жазады басылым.

Әділет министрлігі басылымға бұл марапат оның статусын қарастырғанда ескерілетінін хабарлады.