$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.03.2021, 05:28
Күннің саны

Қазақстан-Ресей шекарасында 36 млн теңгенің заңсыз дәрі-дәрмегі тәркіленді

Дәрі-дәрмек негізгі жүктің астына жасырылған

Қазақстан-Ресей шекарасында 36 млн теңгенің заңсыз дәрі-дәрмегі тәркіленді

Қазақстан шекарашылары Ақтөбе облысындағы «Жайсаң» автокөлік өткізу пунктінде ірі көлемдегі заңсыз дәрі-дәрмекті алып өтудің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мәскеуден (РФ) Бішкекке (Қырғызстан) бағыт алған «ДАФ» маркілі автокөлікті инспекциялық-тексеріс құрылғысы мен талшықты-оптикалық эндоскопты қолдана отырып тексеру барысында «үй жиһаздары» негізгі жүгінің астына жасырылған 19 200 дана (80 қорапта 240 орама) «Зиннат» (ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған түйіршіктер) дәрісі анықталды. Өткізілмек болған жүктің рұқсат құжаты болмай шықты. Дәрі-дәрмектің құны 36 384 000 теңге», - делінген хабарламада.

Шекарашылардың айтуынша, Қазақстан аумағы арқылы дәріні заңсыз алып өтуге қатысты дерек бұған дейін де тіркелген. Ұсталған жүк Ақтөбе облысының Экономикалық тергеу департаментіне берілді.

Серіктес жаңалықтары