Жезқазғанда өнеркәсіптік кәсіпорын аумағында өрт шықты (ВИДЕО)

Өрт шамамен 100 шаршы метр аумақты шарпыған, зардап шеккендер жоқ

Жезқазғанда өнеркәсіптік кәсіпорын аумағында өрт шықты (ВИДЕО)
ҚР ТЖМ видеосынан скриншот

Жезқазғанда өнеркәсіптік кәсіпорын аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жезқазғандағы өнеркәсіптік кәсіпорын аумағында пайдаланылмай тұрған ғимараттан өрт шыққан.

Жалын шамамен 100 шаршы метр аумақтағы ағаш құрылыс қалыптарын шарпыды.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Құтқарушылар өртті сөндіруге кірісіп, жалынның одан әрі таралуына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдады.

Өрт толығымен сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Мақалада
#Алматы #өрт #ТЖМ