Қазақстанда 125 бала COVID-19-дан ем алып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Барлығы 2 682 адам коронавирустық инфекциядан ем алуды жалғастыруда

2020 жылдың 19 қазанындағы ҚР-да коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық туралы ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта 2 682 адам коронавирустық инфекциядан емдеуді жалғастыруда, оның ішінде 125 бала бар. 

Стационарларда – 2 055, амбулаториялық деңгейде – 627 науқас емделіп жатыр. 

81 адамның халі нашар, 12 адамның жағдайы аса ауыр дәрежеде, 12 адам өкпені жасанды желдету аппараттарында жатыр.