06.11.2020, 09:41
Күннің саны
Коронавирустан емделіп жатқан 155 науқастың жағдайы ауыр
25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 608 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 340 бала бар. Стационарларда 2 646 науқас жатыр. 2 962 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы, науқастардың арасында 155 адамның халі нашар. Соның ішінде 22 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Өткен тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанып қалған 231 жағдай тіркелді. Бір тәулік ішінде 51 адам жазылып шыққан.
Айта кетерлігі, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап 38 721 адам ауырды, 406 өлім жағдайы тіркелді, барлығы 29 014 адам сауығып шықты
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 10:00
Қосанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды
27.09.2026, 12:14
TikTok-та балағат сөздер айтқан екі бойжеткен қамауға алынды (ВИДЕО)