Әлемде кешелі бері 276 398 адам коронавирус жұқтырды
Көш басында АҚШ, Бразилия, Үндістан тұр
Бүгін әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 20,7 миллионнан асты. Бұған Джонс Хопкинс университетінің жобасы дәлел, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Университеттің мәліметінше, COVID-19 вирусымен әлемде 20 744 267 адам ауырып, 752 051 науқас инфекцияның құрбаны болды, тағы 12 917 341 адам інднттен емделіп шықты.
Ең көп жұқтырған елдердің алғашқы бестігі келесідей:
АҚШ – 5 244 238 жұқтырды, 167 029 қайтыс болды;
Бразилия – 3 164 785 жұқтырды, 104 201 қайтыс болды;
Үндістан – 2,396,637 жұқтырды, 47,033 қайтыс болды;
Ресей – 905 762 жұқтырды, 15 353 қайтыс болды;
ОАР – 572 865 жұқтырды, 11 270 қайтыс болды.
Бұл тізімді әрі қарай Перу, Мексика, Колумбия, Чили сияқты Латын Америкасы елдері мен Испания жалғастырады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирус туралы статистиканы келтіреді. ДДҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде COVID-19 инфекциясының саны 20 439 814-ке жетті, 744 385 адам қайтыс болды. Бір күнде әлемде инфекцияның 276 398 жаңа жағдайы тіркелді.
Қазақстанда індет кезінде коронавирустың 101 372 жағдайы тіркелді. 76 756 адам сауығып, 1335 науқас қайтыс болды.