Сирек кездесетін жабайы аңдар: «Қызылсай» паркінде түсірілген видео жарияланды
Мұнда 2021 жылдан бері видео-фототұзақтар бар
«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде мекен ететін жабайы аңдардың суреті жарияланды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, 2021 жылы алғаш рет орнатылған видео-фототұзақтар далада тіршілік ететін жануарлар мен құстарды жүйелі түрде тіркеп келеді.
Сондай-ақ парк қызметкерлері де табиғаттағы жануарларды камера объективіне түсіруді әдетке айналдырған.
Алғаш қарағанда тып-тыныш көрінетін дала табиғаты сан алуан тіршілік иелеріне мекен болып отыр. Мұнда ақбөкен мен дала түлкілерінен бастап, аспанда қалықтаған сирек кездесетін құстарға дейін бар. «Қызылсай» паркінде кербез қарақұйрықты, шапшаң қосаяқ пен қояндарды, дала кекіліктерін, қыран бүркіттерді және дала мысықтарын да кездестіруге болады.