$ 519.98  600.06  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қызыңыз апатқа ұшырады»: Ақмола облысында алаяқ зейнеткерді алдап, 13 млн теңгесін қағып алды

Оқиға 22 қарашаға қараған түні болған

«Қызыңыз апатқа ұшырады»: Ақмола облысында алаяқ зейнеткерді алдап, 13 млн теңгесін қағып алды

Ақмола облысында алаяқ зейнеткерді қызының апатқа ұшырағанын айтып, 13 млн теңгесін қағып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның мәліметінше, қоңырау 22 қарашаға қараған түні түскен. Белгісіз әйел өзін зейнеткердің қызымын деп таныстырып, толқып тұрған дауыспен апатқа ұшырағанын, соның салдарынан зардап шеккендер болғанын хабарлады. Қорыққан адам мәліметтерді нақтыламаған және ақпаратты тексеру үшін туыстарына қайта қоңырау шалмаған.

Зейнеткер абыржып тұрған кезде, басқа алаяқ әңгімеге қосылды. Ол ер адамға белгілі бір соманы берсе, жағдайды «шешуге» болады деп сендірді. Қарт адам 13 000 000 теңге көлеміндегі жинағын, дроппер деп аталатын курьерге тапсырды.

«Сол күні түстен кейін ғана ер адам алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, құқық қорғау органдарына жүгінді. Көкшетау полицейлері алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазір ақшаны алған курьердің де, қылмыстық схеманы ұйымдастырушылардың да жеке басы анықталып жатыр», – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары