$ 519.98  600.06  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысында жыл басынан бері 100-ден астам адам жол апатынан қаза болды

Аймақта бір аптаның ішінде 50 мас жүргізуші ұсталды

Ақтөбе облысында жыл басынан бері 100-ден астам адам жол апатынан қаза болды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Ақтөбе облысында 17-23 қараша аралығында жүргізушілер тарапынан 2400-ден астам құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаментінің мәліметінше, осы аралықта 50 жүргізуші мас күйінде рульге отырғаны үшін ұсталды, 33 көлік қарсы жолаққа шығу дерегі, 106 жүргізуші – жаяу жүргіншілерге жол бермеген, 120 жүргізуші – жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған және жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен көлік басқару 1 дерек.

«Патрульдік полиция қызметкерлері Әбілқайыр хан даңғылында Toyota Camry автокөлігін тоқтатты. 37 жастағы жүргізушінің есірткілік масаң күйінде болғаны және бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды. Автокөлік Ақтөбе қаласының коммуналдық айыптұрағына қойылды. Жүргізуші ұсталып, Актөбе қаласы ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар, әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін 213 көлік құралы коммуналдық айыптұраққа қойылды, оның ішінде 35 автокөлік шетелде тіркелген.

Іс-шара барысында 40 жылжымалы бақылау кешені, оның ішінде 13 жасырын патруль қолданылды. Сондай-ақ, бұзушылықтарды анықтау үшін пилотсыз ұшу аппараттары (дрон) пайдаланылды», – делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Жыл басынан бері облыс аумағында 1774 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 108 адам қаза тапты, 2563 адам жарақат алды.

Актөбе облысы Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға, жауапкершілік танытуға және жолда қаза тапқан әрі зардап шеккен адамдарды есте сақтап, қауіпсіздікке мән беруге шақырады.

Серіктес жаңалықтары