Тағы бір адам ауруханаға жатқызылды
Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 24 қараша күні «Омбы – Майқапшағай» республикалық маңыздағы автожолдың 877-шақырымында Тарбағатай ауданында болған. Жол апатына Chevrolet Onix және Howo маркалы жүк көлігі қатысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Onix автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан көз жұмды. Тағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға бойынша алдын ала тергеу басталды.