Алматыда жолдан жүгіріп өтпек болған баланы көлік қағып кетті (ВИДЕО)
Полиция оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді
Алматы қаласында жолдан жүгіріп өтпек болған бүлдіршінді көлік қағып кетті. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқыс оқиға Алматы қаласының Алатау ауданында 22 қараша күні сағат 16:30-да болған болды.
Қалалық Полиция департаменті агенттік тілшісіне берген пікірінде былай деп мәлімдеді:
«Chery маркалы автокөліктің жүргізушісі Айгерім шағын ауданындағы Әшімова көшесімен солтүстіктен оңтүстікке қарай келе жатып, белгіленбеген жерде жолды кесіп өтіп бара жатқан жасөспірімді қағып кетті. Жол апаты салдарынан бала қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайын Алатау ауданы полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр», – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.