Ердоган мен Путин астық дәлізінің жұмысын қайта жандандыруды талқыламақ
Ердоған G20 саммитінен кейінгі мәлімдемесінде астық дәлізі мәселесін көтерді
Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған Ресей басшысы Владимир Путинмен астық дәлізін қайта іске қосу және Украина қақтығысын реттеу мәселесін талқылауға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Ердоған Оңтүстік Африка Республикасында өткен «Үлкен жиырмалық» (G20) саммитінің қорытындысына арналған баспасөз конференциясында айтты.
Түркия басшысы алдағы кездесуде көтерілетін негізгі сұрақтарды нақты атады.
«Ертең құрметті мырза Путиннен «астық дәлізін» қайта жандандыру үшін не істей аламыз және бұл қақтығысты аяқтау үшін қандай қадамдар жасауымыз мүмкін, осының бәрін сұрағым келеді», - деді Ердоған.
Президенттің айтуынша, астық дәлізін құру бастамасы әлемдік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар бейбіт процеске жол ашуға бағытталған.
Ердоғанның сөзінше, Түркияның делдалдық әрекеттері бұрыннан бері өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Президент бұл бастаманың мәнін былай түсіндірді.
«Астық дәлізі бойынша барлық бастамалар әлемге бейбітшілікке бастайтын жол ашу үшін жасалған», - деп атап өтті ол.