$ 518.66  597.44  6.56
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандық жас теннисші ITF турнирінің чемпионы атанды

Әмір Омарханов Тунисте өткен ITF M15 турнирінің чемпионы атанды

Қазақстандық жас теннисші ITF турнирінің чемпионы атанды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Тунистің Монастир қаласында өткен ITF M15 санатындағы турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Финалда 18 жастағы Омарханов өзімен қатарлас германиялық теннисші Макс Шонхаусты (ATP рейтингінде №824) 6:3, 3:6, 6:4 есебімен ұтты. Финалға дейінгі жолында ол турнирдің екінші, алтыншы, жетінші және сегізінші ракеткаларын жеңіп өтті.

Айта кетейік, Шонхаус – ITF Juniors жүйесі бойынша әлемнің екінші ракеткасы. Ол өткен аптада Тунисте өткен ITF M25 санатындағы турнирдің чемпионы атанған болатын.

Бұл жеңіс – Омархановтың кәсіби карьерасындағы алғашқы жекелей разрядтағы титулы. Қарағанды теннис мектебінің түлегі спорттық жолын белгілі бапкер Петр Нестеровтың жетекшілігімен бастап, қазір Риккардо Пьятти академиясында шеберлігін шыңдап жүр.

Серіктес жаңалықтары