23.11.2025, 11:02
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін – ТЖД
Құтқарушылар тұрғындардың өміріне қауіп төнуі мүмкін екенін ескертті
Фото: © istockphoto.com
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша 325 учаскеде қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сол учаскелердің бойында 93 шақырым жол мен түрлі ғимараттар орналасқан. Егер көшкін жүрсе тұрғындардың өміріне қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан 112 қызметінен ескертулер жасалса, қауіп-қатерден аулақ болыңыздар және қар көшкіні қаупі бар жолдармен жүрмеңіздер», – деп ескертті құтқарушылар.
Айта кетсек, облыс бойынша қар көшкіні қаупі бар кезең сәуір айына дейін созылады. Осы аралықта бұқара тауға шықпас бұрын ауа райы жағдайын қатаң ескеруі қажет.
Көп оқылған
21.08.2026, 11:56
Алматыда күйеу баласы мүмкіндігі шектеулі енесін зорлап кеткен
21.08.2026, 09:46
Жалған мәліметтер енгізген: Қазақстан азаматы 290 млн теңге салық төлемес үшін Ресейге қашып кеткен
21.08.2026, 12:12
Қарағандыда 50-ден асқан ер адам әйелдердің киімін киіп, эфирде бейәдеп әрекеттер жасаған (ВИДЕО)
21.08.2026, 14:33
Мүгедек енесін зорлаған: Алматыда күдікті ер адамның қамауға алынған видеосы жариялады
21.08.2026, 10:44
Елімізде Құрылтай есімді қанша азамат бар