Маңғыстау полицейіне ер адам алғыс білдірді
Ақтау қаласының тұрғыны өзін интернет алаяқтардан қорғап қалған Маңғыстау облыстық полиция департаментінің тергеушісі Ренат Досаевқа алғыс білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Азаматтың өтініші бойынша күдіктілер анықталып, ұрланған қаражат иесіне қайтарылды. Тұрғын тергеушінің кәсібилігін және жедел әрекетін ерекше атап өтті.
«Маңғыстау облысы ПД азаматтарды интернет-алаяқтық белгілері байқалған жағдайда уақытылы полицияға жүгінуге шақырады», - делінген облыстық ПД хабарламасында.