01.07.2020, 03:37
Жаңалықтар
Ресейде қалып қойған қазақстандықтар үшін арнайы рейс қатынамақ
Мәскеуден Алматыға және Нұр-Сұлтанға репатриациялық рейстерге өтініш беру жүріп жатыр
Ресейден Қазақстанға оралғысы келетін Қазақстан азаматтары үшін «Эйр Астана» әуе компаниясы жеткілікті сұраныс пен үкімет мақұлдауы болғанда Мәскеудегі Домодедово әуежайынан Нұр-Сұлтанға және / немесе Алматыға чартерлік рейсті орындамақ. Бұл туралы компанияның ресм сайтында хабарланды.
«Air Astana 7-11 шілде аралығында Мәскеуден Нұр-Сұлтанға және/немесе Алматыға азаматтарды елге қайтаратын рейс орындайды. Нұр-Сұлтанға билет құны бір жаққа 250 АҚШ доллардан және Алматыға 300 доллардан басталады», - делінген хабарламада..
Компания өтініш бергендермен 72 сағат ішінде байланыс орнатады. Немесе +7 (495) 287 70 08/09 телефонына хабарласуға болады.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді