Еліміздің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Автор: Алмас Ерсін

«Қазгидромет» жұма, 21 қарашаға жасалған ауа райы болжамын ұсынды

Фото: freepik.com

Синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады, қатты жел соғады деп болжап отыр, соған байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанада жаңбыр, қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болып, тұман басады деп болжанып отыр.

Қарағанды ​​облысында көктайғақ болып, тұман түседі.

Семей, Өскемен және Павлодарда көктайғақ болады.

Абай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Алматы, Түркістан, Қызылорда қалаларында, Алматы, Атырау, Түркістан, Қызылорда және Ұлытау облыстарында тұман түседі деп болжанып отыр.