Шымкент әкімінің 4 орынбасары сырқаттанып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Кеше қала басшысы Президенттен сөгіс алған болатын

otyrar.kz

Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновтің төрт бірдей орынбасарының денсаулығы сыр берді, деп жазады Zakon.kz. Олардың екеуінен пневмония анықталған.

Шымкент әкімдігінің мәліметінше, қала басшысының бірінші орынбасары Ербол Садыр мен орынбасары Алмасбек Мамытбековтің өкпесі қабынып, ауруханаға түскен. Тағы екі орынбасары Нұрсадық Ергешбек пен Мақсұт Исахов та денсаулығына байланысты жұмысқа шықпаған. Алайда, олардың нақты немен ауырып жатқаны айтылмады.

Әкімнің төрт орынбасары да бір аптадан бері жұмысқа шықпаған. Мұрат Әйтеновтің өзінен коронавирус анықталған жоқ.

Еске салайық, күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент әкіміне сөгіс берді.