Бірнеше облыста тұман түсіп, көктайғақ болады. Қостанай облысында боран соғады
«Қазгидрометтің» мәліметінше еліміздің бірқатар өңірінде метеорологиялық жағдай қауіпті болады деп болжанып отыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жамбыл, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында түнде және таңертең тұман түседі», - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында көктайғақ болады. Қостанай облысында боран соғады деп болжанып отыр.
Еске сала кетейік, синоптиктер еліміздің қалаларында дүйсенбіде ауа райы қандай болатынын болжады.