Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, дейді синоптиктер
«Қазгидромет» РМК 15 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында негізінен жауын-шашынсыз, бірақ түнде және таңертең тұман түсіп, кей жерлерде көктайғақ байқалады. Жекелеген аудандарда жаңбыр мен қар түріндегі әлсіз жауын-шашын өтуі мүмкін. Астана, Қостанай, Петропавл мен Павлодарда күн бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз.
Қарағанды мен Ұлытау облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде -6…-1°, кей аумақта -10° дейін суытады, күндіз +2…+10° жылы.
Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -10…-24° аралығында аяз күтіледі, әсіресе таулы және шығыс аудандарда суық күшейеді.
Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі. Түнде 0…+5°, таулы аймақтарда -3…-8° суық, күндіз +12…+20° дейін жылы болады. Алматы, Шымкент қалаларында күн ашық әрі жылы, таңертең тұман түсуі мүмкін.