15.11.2025, 06:40
Жаңалықтар
Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы ауыр жараланды: денесінің 65 пайызы күйіп кеткен
Қайғылы оқиға 12 қараша күні болды
Фото: istockphoto.com
Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болды. Кәсіпорынның бір жұмысшысы күйік жарақатын алып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекеттік еңбек инспекциясының мәліметінше, оқиға 12 қараша күні болған. 1996 жылы туған ер адам қатты күйік алып, ауруханаға жеткізілген.
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы оның жағдайы ауыр екенін хабарлады.
«29 жастағы пациент Ақсу қалалық ауруханасының реанимация бөліміне түсті. Диагнозы: дене бетінің 60-65%-ын қамтитын термиялық күйік. Жарақатты АЗФ-та жұмыс орнында алған. Жағдайы ауыр, қажетті ем-дом жүргізіліп жатыр», – делінген ведомство хабарламасында.
Оқиға бойынша арнайы комиссия құрылып, өндірістік жазатайым оқиғаны тергеу басталды.
Көп оқылған
13.02.2026, 07:05
13 ақпанда 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
13.02.2026, 15:45
Алматыда көлік жөндеу орталығының қызметкерін бір топ жігіт ұрып, комаға түсірді (ВИДЕО)
13.02.2026, 09:52
Алматыда «өмірін сақтандырғысы» келгендер алаяққа 620 млн теңге жинап берген (ВИДЕО)
13.02.2026, 17:46
«Қолыңа «ақ билет» алып беремін»: Қорғаныс министрлігі әскерден қашып жүрген жігіттерге ескерту жасады