15.11.2025, 04:00
Жаңалықтар
Берденовтің ісі бойынша сотта тілін көрсеткен: Шымкентте судьяға қатысты шешім шықты (ВИДЕО)
Оның қылығы тәртіптік іс сот жюриінің отырысында қаралды
Фото: Видеодан скрин
Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовтің ісі бойынша сот процесі кезінде тілін көрсеткен Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Карабаевқа қатысты қандай шешім шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жоғары сот кеңесінің мәліметінше, Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі арнайы ауданаралық соттың судьясы Әбинұр Қарабаевтың әрекеті бойынша тәртіптік іс сот жюриінің отырысында қаралды.
Шешім нәтижесінде Әбинұр Қарабаевқа «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
Айта кетейік, осыған дейін Шымкент сотының судьясы залдағы журналистке тілін шығарып, ерсі қылық танытқаны хабарланған болатын.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)