Ол бөтелкелесін аяусыз ұрған
Қызылорда облысында ішімдікке сылқия тойған ер адам бөтелкелесімен сөзге келіп қалып, оны ағашпен аяусыз ұрып-соққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олардың ісі Қызылорда қалалық сотында қаралды.
Соттың мәліметінше, екі ер адам бірге отырып, ішімдік ішкеннен кейін жанжалдасып, біреуі екіншісін үйінен шығарып жіберген. Кейін ол қайта оралып, үй иесін ағаш затпен ұрып, оның осалдығын пайдаланып, бірнеше соққы жасап, ауыр жарақат келтірген.
Сот шешімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды.