14.11.2025, 16:17
Жаңалықтар
Астанада Ұлы Дала даңғылының жалғасы ашылды
Енді көлік жүргізушілері жаңа жолмен қатынай алады
Фото: Астана әкімдігі
Астанада Ұлы Дала даңғылының Ж.Нәжімеденов көшесінен А.Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана әкімдігінің мәліметінше, енді көлік жүргізушілері жаңа жолмен қатынай алады.
Ұлы Дала жобасы аясындағы құрылыс-монтаж жұмысы әлі де жалғасып жатыр. Жоспарға сәйкес, жолдың бір жағында инженерлік желілер тартылып жатыр. Екінші жағында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін тротуар салу жұмыстары жүргізілуде. Аумақты абаттандырудың толық кешені 2026 жылы аяқталмақ.
«Аталған учаскенің ашылуы ауданның көлік қозғалысын жақсартып, тұрғындардың жол жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді», – делінген әкімдік хабарламасында.
Көп оқылған
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)