Арнайы автобустар қаланың қай орындарынан қатынайтыны хабарланды
Астанада Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасындағы футбол матчына арнайы автобустар қатынайтын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Астана Арена» стадионында матч 2025 жылдың 15 қарашасында өтеді. Жанкүйерлердің ыңғайлылығы үшін қала әкімдігі арнайы автобустар ұйымдастыратынын хабарлады.
Шаттл-автобустар төмендегі аялдамалардан жолға шығады:
Автобустардың қозғалысы сағат 16:00-ден басталады.
«Әкімдік жанкүйерлерді өз ыңғайы мен қауіпсіздігі үшін ұйымдастырылған қоғамдық көлікті пайдалануға шақырады», – делінген хабарламада.