$ 524.32  609.05  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы көшелерінде «тапанша» ұстаған ер адам бойжеткенді аңдыған (ВИДЕО)

Қыз бутикке кіріп құтылған

Алматы көшелерінде «тапанша» ұстаған ер адам бойжеткенді аңдыған (ВИДЕО)
Фото: hreads.com/@aiwime/post/

Алматыдағы Ермек Серкебаев көшесінде дәріханаға бара жатқан қызды белгісіз ер адам соңынан қуып, тапаншамен қорқытқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шошынған қыз жақын маңдағы дүкенге кіріп құтылған, ал ер адам, оның сөзінше, «тапанша» шығарып сыртта күткен.

Алматы қалалық полиция департаменті оқиға бойынша тексеру жүргізген көрінеді. Алайда қыздың сөзінше, полиция ер адамды әңгімелесуден кейін бірден босатып жіберген. Ол кетіп бара жатқанда, әлгі адам тағы да оның бағытына қарай жүрген. Қыз амалсыздан ең жақын ломбардқа кіріп қайта жасырынған.

 Полицияға қайта хабарласқан қыз «бұл ойыншық пистолет. Біз онымен сөйлестік. Ал қызға қарапайымдау киіну керек» деген жауап алған.

Осыдан кейін бойжеткен өзін қорғау үшін оқиға орнынан тезірек кетуге мәжбүр болған. Редакция полиция департаментіне толық ақпарат сұрап сұрау жолдады. 

Серіктес жаңалықтары