«Алланың атымен ант еткен»: Бишімбаевтың анасы 1 млн доллар үшін туысымен соттасып жатыр
Сотталушы өз кінәсін мойындамай отыр
Астанада өткен сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова туысына сақтап қою үшін шамамен 1 миллион доллар бергенін, алайда өзіне тиесілі ақшасын кері қайтара алмай отырғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетерлігі, сотталушы Бекзат Кемелова өз кінәсін мойындаған жоқ.
Нұрлыбекова сотқа сапарға шығуға арналған чемоданын алып келген. Оның айтуынша, дәл осы чемоданмен ол ақшаны туысына тапсырған.
Ақшасын сақтауға бергеннен кейін Бекзат Кемелова оны ұзақ уақыт бойы қайтармаған. Осы жағдайға қарамастан, Бишімбаевтың анасы біраз уақытқа дейін полицияға жүгінбеген.
«Бұл туралы ұзақ ойландым, достарымызбен ақылдастым. «Егер қазір өзім тәуелсіз тексеріс бастасам, бұл қателік болмай ма?» деп сұрадым. Олар «жоқ, егер сол жақта бірдеңе айтар болса, бұл мәміле ретінде есептеледі» деді. Сол себепті еш әрекет етпеуді ұйғардым», — деп еске алды ол.
Оның сөзінше, біраз уақыт не істерін білмей, абдырап жүрген.
«Осының бәрі болғанына бір қыс та өтті, содан кейін не боларын өзім анықтап біле бастадым. Міне осыдан кейін ғана күйеуіме айттым. Оған дейін мазасын алғым келмеді. Ал айтқан соң ол қатты уайымдап, ашуланды», – деді Нұрлыбекова.
Дегенмен ұзақ уақыт күткеннен кейін олар ақыры полицияға жүгіну туралы шешім қабылдаған.
«Ол маған Алланың атымен ант ішіп, ақшаны қайтаратынын айтты. «Мен Құдайдан қорқамын, балаларым бар, сіздерді алдамаймын» деді. Мен сендім, күттім... Бірақ өмірде жасағаның айналып өзіңе келетінін ұмытпау керек», – деді Нұрлыбекова сотта.