13.11.2025, 11:30
Жаңалықтар
Табандылық пен сенім: дәрігерлер емдей алмаған баланы әкесі аяққа тұрғызды (ВИДЕО)
Видео қазнетті елжіретті
Фото: видеодан скриншот
Қырғыстанда болған мына оқиға көптің жүрегін елжіретіп, көзіне жас алдырған: дәрігерлер енді жүре алмайды деген кішкентай баланы әкесі аяққа тұрғызған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әкесі баласымен жаттыққан әр сәтін видеоға түсіріп, желіге салған. Бала шамамен 1 жасынан бастап әкесінің жаттығуын көрген. Кейін 2-3 жасында анасына қарай өзі жүріп барған.
Әке баласының сауығуы үшін күн сайын жаттығулар жасап, әр қадамын бақылап отырған. Ол ешбір қиындықтан қорықпай, еңбектің арқасында дәрігерлер айтқан сөзді жоққа шығарған.
Бұл оқиға әлеуметтік желілерде кең таралып, жұртшылық әкені нағыз қаһарман және мейірімді әке деп атады. Көптеген қолданушылар осындай қамқор, сабырлы және жігерлі әкелердің көбірек болуын тіледі.
Көп оқылған
16.05.2026, 10:38
Астанада заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендері анықталды
16.05.2026, 08:31
Конгода қауіпті вирус тарап жатыр: 65 адам көз жұмды
16.05.2026, 07:19
Қазақстанның бірқатар өңірінде 35 градусқа дейін ыстық күтіледі
16.05.2026, 06:26
Алматы тау бөктерінде кәріз суының салдарынан көшкін жүрді
16.05.2026, 10:08
Алматы мен тағы үш қалада ауа сапасы нашарлайды
16.05.2026, 12:56
ШҚО-да қолөнершілер екі бірдей әлемдік рекорд орнатты