Полиция алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Ақтөбеде 10-нан аса адамды алдап, 100 млн теңгені қалтасына басқан күдікті ұсталды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Тергеу барысында көрші облыстың тұрғыны пәтерге жөндеу жұмысын жүргіземін деп бір жыл ішінде 10-нан астам ақтөбелікті алдап, олардың қаражатын иемденгені анықталды.
Полиция алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Күдікті жәбірленушілерден алдын ала төлемді қолма-қол алып, кейін оларға хабарласуды тоқтатқан. Келтірілген жалпы материалдық шығын 100 млн теңгеден асады.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.