$ 524.65  607.02  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды облысында өндірілген өнімдер АҚШ-қа экспортталып жатыр

Қазір Қытаймен әріптестік орнату үстінде

Қарағанды облысында өндірілген өнімдер АҚШ-қа экспортталып жатыр
Фото: istockphoto.com

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әкім былтырдан бері егіс алқаптарының көлемі екі есе артқанын хабарлады. Яғни, бір ғана майлы дақылдар алқаптарының аумағы былтыр 34,9 мың гектар болса, биыл 43,1 мың гектарға жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осының нәтижесінде, өңір басшылығы дүкендерде қарағандылық ауыл шаруашылығы өнімдерінің санын арттыруға мүдделі. Мысалы, қазірдің өзінде Нұра ауданында жылына 9 мың тонна сүт өндіретін ферма ашылған. Ал Бұқар жырау ауданында жылына 200 тонна сүт өңдейтін зауыт іске қосылды.

Бұған қоса, Осакаров ауданында салынып жатқан сүт фермасы жылына 55 мың тонна сүт өндіруге мүмкіндік береді.

«Бұл салада ауыз толтырып айтарлық жетістіктер жоқ емес. Қазірдің өзінде экспортқа шыға бастаған қарағандылық сүт өнімдері бар. Әкім Бөлекпаев бие мен түйе сүтінен қоспа шығаратын «Саумал Биотех» отандық кәсіпорынның жұмысын айрықша атап өтті. Былтырдан бері компания 200 кг бие сүті өнімін АҚШ-қа экспорттаған, қазір Қытаймен әріптестік орнату үстінде.

Мұның бәрі – ауыл шаруашылығын дамытуға ден қойып, бұл салаға арналған инвестицияны екі есе арттырудың жемісі. Биыл агроөндіріске 44 млрд теңге салынған. Алдағы уақытта 47 млрд теңгеге 31 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Жаңа жұмыс орындарын ашу, нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз етумен қатар азық-түлік бағасын өсірмей ұстап тұруға да көңіл бөлінеді», – дейді әкім.

Тағы бір жаңалық – әкім фермерлер өндірген өнімін өздері сататын әлеуметтік павильондар ашылып жатқанын да жеткізді. Мұндай павильондар араға делдал салмай-ақ өндіруші мен тұтынушы тікелей сауда жасайтын орынға айналады.

Серіктес жаңалықтары