Олар бейресми жағдайда емен-жарқын әңгімелесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин бейресми жағдайда кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Екі елдің президенттері Мәскеуде кешкі ас ішті.
Ақорданы мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Кремльде 2,5 сағаттан аса уақыт бейресми жағдайда емен-жарқын әңгімелесті.
Айта кетейік, осыған дейін Ақорда екі елдің президенттерінің сөзін жариялаған болатын.