Түркияның әскери ұшағы апатқа ұшырады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия қарулы күштері ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көптеген адамның қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, президент Режеп Тайип Ердоған мен бауырлас түрік халқына көңіл айтты», - делінген Ақорданың хабарламасында.
Айта кетейік, Түркияның 20 адам мінген әскери ұшағы Грузия аумағында апатқа ұшырағаны хабарланғанболатын.