«Қайсар» футбол клубындағы ойыншылар жаппай коронавирус жұқтырған

Автор: Azattyq Rýhy

COVID-19 вирусы 25 футболшыдан анықталды

Қызылордалық «Қайсар» футбол клубының бас бапкері Стойчо Младеновтың айтуынша, команда сапындағы ойыншылар бірінен соң бірі коронавирус жұқтыра бастаған, деп жазады Sports.kz.

«Команданың 10 ойыншысы тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Ал егер, жастар құрамасын қоса есептейтін болсақ, барлығы 25 ойыншыдан коронавирус анықталды. Мен және бапкерлер құрамы, сондай-ақ, Болгариядан келген Александр Колев тапсырған тест теріс нәтиже көрсетті», - деді клубтың бас бапкері.

Еске салайық, футболдан Қазақстан чемпионаты 1 шілдеде басталуы тиіс. Алайда, «Қайсар» командасы оған қатыса ма, жоқ па, әзірге белгісіз. Ойыншылар жаттығудан босатылған.