$ 525.28  607.85  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Пәкістанда террорлық шабуылдан 12 адам қаза болды

Зардап шеккендердің арасында негізінен адвокаттар мен сот қызметкерлері бар

Пәкістанда террорлық шабуылдан 12 адам қаза болды
Фото: Видеодан скрин

Пәкістан астанасы Исламабадта автокөлік жарылысы болып, салдарынан кемінде 12 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жараланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі India Today-ге сілтеме жасап.

Пәкістан БАҚ-тарының хабарлауынша, жарылыс сот ғимаратының маңында, көлік көп тұратын уақытта болған. Сол сәтте мекеме ішінде адамдар көп болған. Жарылыстан туындаған соққының толқыны қатты болғандықтан, оның дауысын алты шақырым жерден естіген. Зардап шеккендердің арасында негізінен адвокаттар мен сот қызметкерлері бар.

Полицияның алдын ала болжамы бойынша, жарылысты террорист-лаңкестің өзі ұйымдастырған. Пәкістан президенті Асиф Әли Зардари шабуылды қатаң айыптап, қаза тапқандардың отбасына терең қайғырып, көңіл айтты.

Серіктес жаңалықтары