Останкино телемұнарасы көк байрақпен безендірілді
Қазақстанның мемлекеттік туы Ресейдің Мәскеу көшелерінде желбіреп тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, қаладағы көрікті жерлердің бірі – Останкино телемұнарасы біздің байрақпен безендірілді.
«Ресей астанасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапарына дайындалып жатыр», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен баратыны хабарланған болатын.