Ол енді бір ай бойы ем қабылдауы тиіс
Көкшетауда көшеде жүрген қаңғыбас иттер 15 жастағы қыз баланы талап тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқыс оқиға Застанционный шағын ауданында болды. Куәгерлердің айтуынша, мектеп оқушысын бірнеше ірі ит қоршап алып, олардың бірі тістеп алған.
Желідегі мәліметке сүйенсек, қыз бала туылғанынан жүрек ақауымен ауырады, сондықтан қазір ол 10 желтоқсанға дейін күн сайын ем қабылдауға мәжбүр.
Тұрғындардың айтуынша, қаңғыбас және қараусыз жүрген иттер мәселесіне әлі де тиісті назар аударылмай отыр. Адамдар балаларын мектепке жіберуге қорқып, биліктен шұғыл шара қолдануды талап етуде.