Қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай бір-ақ күн демалады

Автор: Асыл Арман

16 желтоқсан сейсенбіге түседі

Фото: istockphoto.com

Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Биыл мереке сейсенбі күнге түседі. Осыған байланысты қосымша демалыс немесе қысқартылған жұмыс күні қарастырылмаған. Демек, жұмыс әдеттегі тәртіппен жүргізіліп, демалыс тек 16 желтоқсан күні болады.

Ал желтоқсан айында қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасы бойынша 9 күн демалады.